zabika.ru 1 2 ... 8 9

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Семей қаласының шәкәрім атындағы семей мемлекеттік университеті


3 деңгейлі СМЖ құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-39. 1.197/01- 2013

ПОӘК

«Электронды білім беру басылымдары мен интернет-ресурстарын жасау және қолдану» пәні бойынша оқу-әдістемелік материалдар

Редакция №____от_____



5В011100 – «Информатика» мамандығына арналған
«Электронды білім беру басылымдары мен интернет-ресурстарын жасау және қолдану»

ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

Семей

2013

МАЗМҰНЫ


  1. Глоссарий

  2. Дәрістер

  3. Практикалық және зертханалық жұмыстар

  4. Студенттің өздік жұмысы

  1. Глоссарий

Автоматтандырылған тестілеу (компьютерлік тестілеу) – Автоматизированное тестирование (компьютерное тестирование) – тестілеудің арнайы бағдарламалық жүйесі мен онда орналастырылған тестілердің көмегімен оқушылардың білімін тексеру.

Ағынды аудио – Потоковое аудио (Streaming audio) – файл толығымен жүктелместен бұрын браузер арқылы ойнала бастайтын аудио файл.

Ағынды бейне (Потоковое видео (Streaming video)) – сіздердің компьютерлеріңізге клиптің тұтастай жүктелуінің аяқталуын күтпестен оны Интернет бойынша қарап шығуға болатын бейне.

Ақпараттық iздестiру жүйесi (Информационно-поисковая система; informtion retrieval system) – форматталған сұраным бойынша мәлiметтердi сақтауға және iздестiруге арналған бағдарламалық жүйе.


Ақпараттық iздестiру тiлi (Информационно-поисковой язык; informtion retrieval language) – компьютердің ақпараттық iздестiру жүйесiндегi құжаттарды немесе олардың үзінділерiн сипаттау үшін арнайы әзiрленген жасанды тiл; оның көмегімен ақпаратты iздестiру жүйесiнің жадынан пайдаланушылардың талап-тiлектерiне лайықты ақпаратты iздестiруге сұраныстар құрастырылады.

Ақпараттық анықтамалық жүйе (Информационно – справочная система; inguiry system) айрықша активтi режiмде жұмыс iстейтiн және тұтынушыны анықтамалық сипаттағы мәлiмдемелермен жасақтайтын автоматтандырылған ақпараттық жүйе.

Ақпараттық база (Информационная база; information base) – автоматтандырылған жүйелерде – сыртқы тасуыштарда орналастырылған және бағдарламалар мен компьютерде жұмыс iстейтiндердің пайдалануына арналған мәлiметтер жиынтығы. Мыс., мәлiметтер банкiсiнде – ақпараттық база дегенiмiз ақпараттық ресурстың бөлігi, ал оған мәлiметтер базасы мен оның сипаттамалары, яғни мәлiметтер туралы ақпарат кiредi.

Ақпараттық білім беру ортасы (АБО)Информационно–образовательная среда (ИОС) – бұл Интернет ортасындағы кәсіби мамандықтан (ұсынылатын білім беру деңгейінен), ұйымдастыру-құқықтық формалардан және оқу мекемелерінің меншіктілік формаларынан тәуелсіз оқу процесін жүргізудің біртұтас технологиялық құралдары бар бағдарламалық-телеқатнастық және педагогикалық кеңістік. Оған тән үш нышанды ерекшелейді: педагогикалық жүйемен қамтамасыз етілетін ішкі жүйелер: қаржылық, материалдық-техникалық, маркетингтік, нормативтік-құқықтық; ақпараттық ресурстарды әзірлеуге арналған иерархиялық әдістер және олармен жұмыс істеу; қашықтықтан педагогикалық іс-әрекетке интерактивтілік қатынас құруға қызығушылық танытушы, мұндай қатынас құруға техникалық мүмкіндігі бар және оған шынайы қатынас құруды қабылдаған бөліп үлестірілген кеңістіктегі субъектілер қоғамдастығыC:\Documents and Settings\User\Мои документы\ДО\r1-1.htm - 1#1.


Ақпараттық білім беру ортасы (АБО)Информационно–образовательная среда (ИОС) – оқу процесін жүргізудің, оны Интернет ортасында оқу мекемелерінің кез келген санына, олардың кәсіптік мамандануына (ұсынылатын білім деңгейіне), ұйымдық құқықтық формасы мен меншіктік формасына тәуелсіз түрде ақпараттық қолдау мен құжаттаудың біртұтас технологиялық құралдары бар бағдарламалық-телебайланыстылық пен педагогикалық кеңістік.

Ақпараттық ресурстарИнформационные ресурсы – бұл адамзат баласының идеялары және оларды іске асыру бойынша қайта өндіруге мүмкіндік беретін формада жинақталған ақпараттар жиынтығы.

Ақпараттық ресурстар – Информационные ресурсы – қалыптасқан идеялар мен білімдер, әр түрлі мәліметтер, оларды жинақтау әдістері мен құралдары, ақпарат көздері мен ақпарат тұтынушылар арасындағы алмасатын ақпараттар .

Ақпараттық ресурстар (Информационные ресурсы; information resources)кiтапханаларда, мұрағаттарда, ресурстарда, мәлiметтер банкiлерiнде және басқа да ақпараттық жүйелерде жеке құжаттар немесе олардың жиымдары түрiнде шоғырланған мәлiметтер жиынтығы.

Ақпараттық технологияларИнформационные технологии – бұл білімдік ақпаратты сақтау мен өңдеуді, оны білім алушыларға жеткізуді, студенттің оқытушымен немесе педагогтық бағдарламалық құралдармен интерактивті өзара әрекетін, сондай-ақ студенттердің білімдерін тестілеуді қамтамасыз ететін компьютерлік техниканы пайдалануға негізделген аппараттық-бағдарламалық құралдар.

Ашық білім беру – Открытое образование – оның білімдік цензасы мен кезеңдік регламентациясын және жеке курсты оқып білудің ұзақтығын, білімдерді формальды ету негізінде дамитын бағдарламаларды, оларды қашықтықтан оқытудың ақпараттық және педагогикалық технологияларын жеткізу мен тексеруді талдамастан, кез келген ықылас білдірушінің қолы жететін білім алудың иикемді жүйесі.

Ашық білім беру (АБ)Открытое образование (ОО) – білім алушының мақсатты, тексерілетін, қарқынды өзіндік шығармашылық жұмыс істеуін қамтамасыз ететін білім алу мен білім алуды дамыту жүйесі, бір немесе бірнеше оқу мекемелерінің орналасу орына, сондай-ақ білім алушының тұрған жері және оқу орнына тәуелсіз оның бағдарламаны, оқытушыны, оқу графигі мен формасын таңдау мүмкіндігі, тұлғалық бағыт бойынша бүкіл ғұмыр бойы оқып білім алу мүмкіндігі.


Ашық білім беру (жүйе)Открытое образование (система) оқу-әдістемелік, техникалық, ақпараттық ресурстардың және ашық білім беру қағидаларын іске асыратын ұйымдастыру шараларының жиынтығы.

Ашық білім беру жүйесі – Система открытого образования – ашық білім беру қағидаларын іске асыратын дидактикалық, техникалық, ақпараттық және ұйымдастырушылық баптар жиынтығы.

Ашық білім берудің ақпараттық білім беру ортасы (АБ АБО) Информационно–образовательная среда открытого образования (ИОС ОО) – бұл Интернет ортасындағы кәсіби мамандықтан (ұсынылатын білім беру деңгейінен), ұйымдастыру-құқықтық формалардан және оқу мекемелерінің меншіктілік формаларынан тәуелсіз оқу процесін жүргізудің біртұтас технологиялық құралдары бар бағдарламалық-телеқатынастық және педагогикалық кеңістік. Бұл орта ашық сипаттамаларға ие: қалыпқа келтірілген және қашықтықтан оқытудың ашық технологияларын пайдалану; білім беру жүйесінің үлестірілген оқу-әдістемелік, интеллектуалдық, ақпараттық және материалдық-техникалық ресуратарына ашық қатынас құруды қамтамасыз ету.

Ашық формалы тестілік тапсырмалар – Тестовые задания открытой формы – сыналушы негізгі мәтінді, шынайы пікірді алатындай элементпен тиісті толықтырулар.

Баспа жүйесіИздательская система – дайын баспа өнімінің үлгісін көбейтуге компьютерлік дайындықты қамтамасыз ететін жүйе.

БейнеконференцияВидеоконференция – қозғалатын объектілерді пайдаланып алыста орналасқан пайдаланушылар тобының арасында кеңестер мен пікірсайыс өткізу әдіснамасы.

Бейнеконференция (videoconferencing) – Видеоконференция – бұл байланыстар жүйесі мен компьютерлік технологияларды пайдалану арқылы әр түрлі географиялық нүктелерде тұрған бірнеше адамдардың арасында аудио-көріністік ақпараттар алмасу кезінде туындайтын телеконференцияның бір түрі

БейнемәтінВидеотекст – мәліметтер базасының терминалдарына және желілер ұсынатын қызмет көрсетуіне қатынаудың желілік қызметі.


ГипермәтінHypertextгипертекст – өзара байланыс жасайтын кез келген жерге орналасқан құжаттардың арасындағы байланыс. Ерекшеленген сөзде немесе сөз тіркесінде тышқанды шерте отырып, пайдаланушы осы тақырып жарияланған файлдарды тез таба алады.

ГипермәтінГипертекст – бірлестік түрда байланыс жасайтын блоктар түрінде ұсынылған мәтін.

Қашықтықтан ашық білім беру (ҚАББ)Открытое дистанционное образование (ОДО) – бұл қашықтық, жұмыс бастылық, жасы келу және б. сияқты оқытушы мен білім алушының арасындағы бөгетті жеңуді қамтамасыз ететін кешенді оқу технологиясындағы қазіргі заманғы білім беру әдістері мен тұтынушыларға қызмет көрсетудің маркетингтік әдістерінің ұштасу нәтижесі ретінде XX-ғасырдың соңғы үшінші бөлігінде пайда болған оқытудың сапалы жаңа түрі. Қашықтықтан ашық білім беру жүйесін іске асыру үшін белгілі бір ақпараттық ортаны, педагогикалық кеңістікті дайындау қажет. Бұл міндеттерді ең жақсы түрде ақпараттық-білім беру ортасы атқара алады.

Қашықтықтан білім беру – Дистанционное образование – бұл оқып үйренушілердің келешекте шығармашылық пен (немесе) еңбек қызметінің негізі болатын белгілі бір білім деңгейіне жетуі мен бекітуіне арналған Қашықтықтан оқыту процесін іске асыратын жүйе.

Қашықтықтан білім беруДистанционное образование – білім беру қызметтерінің кешені, білім беру бағасын растап Қашықтықтан оқыту процесін іске асыратын педагогикалық жүйе.

Қашықтықтан білім беруДистанционное образование – жаңа ақпараттық технологиялар мен мультимедиа жүйелері негізінде өзіне күндізгі, сыртқы және кешкі оқу элементтерін қамтып үйлестіретін ерекше жетілдірілген форма. Телекоммуникациялар мен электрондық басылымдардың қазіргі заманғы құралдары дәстүрлі оқыту формаларының барлық беделін сақтай отырып, олардың кемшіліктерін жеңіп шығуға мүмкіндік береді. Соңғы уақытта Қашықтықтан білім беру туралы емес, ашық білім беру немесе Қашықтықтан ашық білім беру туралы айту қабылданған.


Он-лайн – модем арқылы немесе бөлінген желі арқылы қосылатын жалғастырушы көмегімен желіге тікелей қосылу кезінде Интернетте жұмыс істеудің режімі.

Он-лайндық режім Он–лайновый режим – шын уақытта жүзеге асатын оқытудың өзара әрекеттік оқу процесі. Мысалы: оқытушының студентпен әңгімесі, телефонмен сөйлесуі, бейнеконференция, чат.

Офф-лайн – Интернетке қосусыз электрондық құжаттармен жұмыс істеу режімі, мысалы, веб-беттерді келесі кезекте веб-сайтқа жөнелту үшін оларды компьютерде дайындау.

Офф-лайн – Интернетке қосылмастан электрондық құжаттармен жұмыс істеу режімі, мысалы, кейіннен оларды веб-сайдқа жөнелту үшін компьютерде веб-беттерді дайындау.

Офф-лайндық режім Офф-лайновый режим – оқытушы мен білім алушының қарым-қатынасының уақыт бойынша үзілуі кезіндегі оқу процесінің өзара әрекеті. Мысалы, электрондық пошта, оқытушының тапсырмасы бойынша студенттің кітаппен жұмыс істеп кейіннен сынақ тапсыруы.

Педагогикалық ақпараттық технологиялар Педагогические информационные технологии – компьютерлік пен желілік технологияларды және дидактикалық құралдарды пайдалануға негізделген оқытудың тиімділігі мен ырғағын дамытатын ақпараттық технологиялар.

Электрондық басылым (ЭБ)Электронное издание (ЭИ) – тасылатын мағлұматтары бар, өзгертілмейтін түрде тарату үшін арналған, редакциялық-басылымдық өңдеуден өткен электрондық құжат (электрондық құжаттар тобы).

Электрондық білімдік ресурс Электронный образовательный ресурс – бұл білімдік сипаттағы ақпараты бар кез келген электрондық ресурс

Электрондық кітапханаЭлектронная библиотека – тез іздестіру және нақты басылымға қатынау үшін арналған электрондық тасуыштардағы оқулық әдебиеттер басылымдарының ұйымдастырылған қоймасы.

Электрондық кітапханаЭлектронная библиотека – жинау, өзекті ету және телекоммуникациялық желі арқылу толық мәтіндік ақпараттық оқу-анықтамалық және басқа мақсаттағы өзінің құжаттау мен қауіпсіздік жүйісі бар ресурстарды пайдаланушыларға ұсыну мүмкіндігін қамтамасыз ететін аппараттық-бағдарламалық кешен. Электрондық кітапхананың негізгі элементті электрондық оқу курсы (оқу-әдістемелік кешен) болып саналады.


Электрондық кітапхана – Электронная библиотека – құжаттау мен қауіпсіздіктің өз жүйесі бар оқу-анықтамалық пен басқа да мақсаттағы толық мәтіндік ақпараттық ресурстарды жинақтау, көкейкесті ету және телеқатынастық желі арқылы пайдаланушыларға ұсыну мүмкіндігін қамтамасыз ететін бағдарламалық кешен.

Электрондық құжатЭлектронный документ – абоненттік жүйенің жадында сақталатын құжат.

Электрондық оқу құралы (ЭОҚ) Электронное учебное пособие (ЭУП) – басылымның осы түрі ретінде ресми бекітілген және оқулықты ішінара немесе толығымен алмастыратын немесе толықтыратын электрондық оқу курсы.

Электрондық оқу материалдары – Электронные учебные материалы – электрондық тасуышта файл түрінде ұсынылған оқу материалдары. Белгілі бір оқу курсын немесе оның үзінділерін оқып білуге тағанындалған жеке мәтіндік файл, безендірулер, аудио және бейне үзінделер ретінде де және олардың реттелген жиынтығы ретінде де енгізе алады

Электрондық оқулықЭлектронный учебник – машиналық форматта (WORD, HTML және т.б.) электрондық тасуышта орналастырылған бір немесе бірнеше авторлар ұжымы әзірлеген оқулық.

Электрондық оқулық – Электронный учебник (electronic textbook) – мемлекеттік стандарт пен оқу бағдарламасына сәйкес келетін және басылымның осы түрі ретінде ресми бекітілген оқу пәнінің немесе оның тарауының, бөлімінің жүйелі мазмұндамасы бар электрондық оқулық курс.

2. Дәрістерге қысқаша шолу

Дәріс №1. Кіріспе. Білім беруді ақпараттандырудың қазіргі кезеңінің ерекшеліктері мен қажеттіліктері. Бүгінгі күнгі қоғам талаптарына байланысты демократиялық құндылықтарға көшуге қарай, Ресейде, Қазақстанда және т.б. ТМД елдерінде білім жүйесінің жаңа парадигмасына нақты бет алу байқалады: елдер білім саласында тұлғалық-бағдарлы оқытуға және ізгілендіруге көшуде және бұнда шешуші роль ақпараттандыруға берілген. Осыған орай, ақпараттандыру қазіргі білім жүйесінің басты бағытттарының бірі болып қарастырылуда және біліми салада ақпараттық технологияларды кеңінен қолдану түрлі дидактикалық және педагогикалық міндеттерді шешу жолында зор құрал болып отыр. Қазіргі ақпараттық әдебиеттерде ақпараттандыру білім жүйесін әдіснамалық және практикалық талдауларды, сондай-ақ оқытудың және тәрбиенің психологиялық-педагогикалық міндеттерін шешуге бағытталған қазіргі ақпараттық технологияларды тиімді қолдануды қамтамасыз ететін үрдіс есебінде қарастырылады.


Ақпараттандыру – бұл оқыту мен тәрбиенің психологиялық-педагогикалық міндеттерін жүзеге асыруда білім беру жүйесінде қазіргі ақпараттық технологияларды (ҚАТ) қолданудың теориясы және практикасымен қамтамасыз ету

Білімді ақпараттандыру – біліми жүйелерді реформалаудың барлық негізгі бағыттарын қамтитын маңызды механизмі болып табылуда. Оның басты міндеттері ақпараттық технологияның келесі артықшылықтарын тиімді қолдану болып отыр

- әрбір индивидке өз бетімен білім алу, өзіндік даму траекториясын қамтамасыз ететін ашық білім жүйесін құру мүмкіндігі;

- таным қызметін жүйелі ойлауға нақты бағыттау арқылы оны ұйымдастыру қызметімен бірге түбірімен өзгерту;

- білімнің ақпараттық-әдістемелік қамтамасыздандырылуы нәтижесінде басқарудың тиімді жүйесін жасау;- оқу үрдісі барысында үйренушілердің танымдық әрекеттерін тиімді ұйымдастыру; - ақпараттық технологиялардың өзіне тән қасиеттерін қолдану, оның ішінде маңыздылары: оқу үрдісінің барлық буындарында (қажеттілік-ынта-шарт-құрал-әрекет-операция) жиынтығында әрекеттік тұрғыдан қарауды қолдайтын тану үрдісін ұйымдастыру мүмкіндігі- автоматтандырылған оқу бағдарламаларының бағдарламалау (программалау), серпінді бейімделуі арқылы оның тұтастығы сақтай отырып оқу үрдісін дербестендіру, мүлдем жаңа танымдық құралдарды қолдану және ұйымдастыру мүмкіндігі. Қазіргі компьютерлік технологиялардың ерекше белгілері оның жүзеге асатын өзіне тән ортасы және онымен байланысты компоненттері болып табылады, олар- техникалық (қолданылатын техника түрі)- бағдарламалық-технологиялық (жүзеге асатын оқыту технологияларын қолданудың программалық құралдары);

- әдістемелік-ұйымдастырушылық (оқушылар мен мұғалімдерге нұсқау, оқу үрдісін ұйымдастыру);- пәннің білімдік саласы. Қай елде болмасын қазіргі ақпараттық технологиялар қолдану мен дамыту деңгейі, материалдық базасының дамуымен қатар, ең алдымен, қоғамның интеллектуальдық деңгейімен, жаңа білімді жинақтау, меңгеру және қолдана білу қабілетімен анықталады. Барлығы сайып келгенде, елдің білім жүйесінің даму деңгейімен және білімді ақпараттандыру проблемасымен байланысты. Осыған орай, білім беруді ақпараттандыру – экономиканың, ғылымның және мәдениеттің жедел дамуын анықтайтын түйінді шарты болып табылады. Біздің зерттеуімізде қарастырылатын бастауыш мектеп кезеңінің маңызы мен қызметі - оның үздіксіз білім беру жүйесіндегі басқа буындармен сабақтастықта болуы. Сондықтан білім берудің басты міндеттері:- оқушының өзін қоршаған, өзі өмір сүретін жаңа әлеуметтік ортаға үйренуі, онда жаңа әлеуметтік мәртебе - оқушы мәртебесінің қалыптасуы; - оқу, ойын, еңбек, қарым-қатынас, т.б. әрекет түрлерін қажетті деңгейде меңгеруі; - айналадағы дүниемен дара тұлғалық қатынасының қалыптасып, эстетикалық, этикалық, адамгершілік негіздерін меңгеруін қамтамасыз ету. Бастауыш сатыдағы білім мазмұнын жаңарту біліми кеңістікті оқушыға жеке тұлғалық тұрғыдан ұйымдастыруды қамтамасыз ететін деңгейдегі өзгертумен қатар, оқу пәндерінің кіріктірілуінің басымдылығына берілетін білім мазмұнының да өзгерісін қажет етеді. Жалпы орта білім беретін мектептерді жаңарту құжаттарындағы басты мақсат - бұл баланың оқытудың бірінші кезеңінен бастап қоршаған адамдармен, тұтас әлеммен, өз-өзімен қарым-қатынаста субъект ретінде дамуы. Бұл мақсаттың практика жүзінде жүзеге асуы біліми үрдісті ұйымдастырудың әдістері мен формаларын өзгертуді, әрекеттік тұрғыдағы және тұлғалық-бағдарланған оқытудың жүзеге асуын, ақпараттық технологияларды кеңінен қолдануды және соған сәйкесті негізделген педагогикалық технологияның, онымен жұмыс істеуге қажетті мұғалімдердің дайындығын талап етеді.И.С.Якиманскаяның ұсынған «тұлғалық-бағдарлы оқыту» ұғымын А.А.Леонтьев үш негізгі тезисте қарастырады: мектеп «бәріне бірдей мектеп», мектеп «әрбір адам үшін мектеп», мектепте болған кез оқушыға жағымды да жайлы болу керек. Автордың тұжырымдауынша, басты міндет - оқушыны, оның ойлауын дамыту ғана емес, ең алдымен, тұлға ретінде тұтастық дамуын және келесі дамуға, яғни мектеп қабырғасынан тыс дамуға дайындау. Сонымен қатар бұндай мектепте оқыту бастапқыдан-ақ дамытушы мазмұнда болуы тиіс. Ал бұл әрбір оқушының өзін, жеке қабілеттерін, ынталарын, әлеуметтік бағдарларын, өз тұлғалық бағыттылықтарын толықтай жүзеге асыруы үшін жағдай жасау қажеттігін дәлелдей түседі.


следующая страница >>